Спид ауруынан

Спид ауруынан

Жоспар

І. СПИД – тің пайда болу тарихы.
IІ. СПИД-ті қоздыратын вирустың таралу жолдары.
ІІІ. СПИД ауруының таралу белгілері.
ІV. СПИД-тің алдын алуы.
І. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ.
Адамдарды қорғаған табиғи ортада есепсіз микроорганизмдер бар екені,
олардың әр уақытта жұқпалы ауруларды қоздыра бермейтіні баршамызға белгілі.
Оның себебі, адам организмінде эволюциялық өзгерістерге сәйкес пайда болған
микробтар әсеріне қарсы тұра алатын қорғаныш системасы — иммунитеттің
барлығы.
Иммунитет дегеніміз — адам организміне кірген микробтарды, бөтен
белок, клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің
қорғаныс, жауап шараларының жиынтығы. Бұл реакцияға сүйектің миы, төс асты
безі (айыршық без), көк бауыр (талақ), қанның макрофагтар, Т және В —
лимфоциттер аталатын клеткалары қатысады. Организмнің иммунитеттік жауап
қызметі нерв жүйесі және ішкі секреция бездері системаларының басқаруымен
атқарылатын күрделі биохимиялық реакциялар арқылы орындалады. Адамның
терісінде, ауыздың, ішек-қарынның, тыныс жолдарының шырышты сілекен
қабығында миллиардтаған микроорганизмдер өмір сүреді. Олар әдетте ас қорыту
жұмысына араласады, организмге патогенді (ауру шақыратын) бактериялар мен
вирустардың енуіне жол бермейді. Микробтардың ауру қоздыруына қажетті
бірден-бір шарт — адам организмінің әлсіреуі, оның қорғансыз қалуы. Басқаша
айтқанда, организмге нммунитет жетіспеушілігі пайда болады. Осы жағдайда
ауру қоздыратын микробтарды шартты-патогенді микробтар деп атайды.
Дені сау организмге түскен микробтардың өсіп-өнуіне айрықша жағдай
қажет. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде тек
белгілі клеткаларда өсіп-өнуге бейімделеді. Мысалы, безгек қоздырғышы тек
қанның эритроцитінде өсіп-өне алады, ол үшін қанға масаның көмегімен жетуі
кажет. Сол сияқты тек ішек-қарынның шырышты сілекей қабығында өсіп-өнуге
бейімделген, осы қабыққа жеткенде ғана ауру шақыра алатын тырысқақ,
дизентерия, іш сүзегі микробтарын теріге қанша жақсаң да аталған сырқаттар
пайда болмайды.
Бейімделген клеткаларына микробтардың жету механизміне қарай жұқпалы
аурулардың таралу жолдары бірнеше түрге бөлінеді.
Бірінші — ауадағы тамшылар көмегімен тарау, яғни, жұқпалы аурулардың
тыныс жолдары арқылы жұғуы, ал сырқат қоздырғыш микроб ауаға түшкіргенде,
жөтелгенде, сөйлегенде шашырайды да ауамен бірге өздері бейімделген тыныс
жолдарының шырышты сілекей қабығына жетеді. Осындай механизм арқылы
тарайтындарды — ауалы-тамшылы жұқпалы аурулар тобы деп атайды. Оларға
тымау, қызылша, қызамық, күл, жел шешек т. б. аурулар жатады.
Екінші — ауыз арқылы тарау, яғни, микробтардың ішек-қарын жолдарына
түсуі. Ал, қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға үлкен және кіші дәрет арқылы
шығады. Бұл жол арқылы — ішек-қарын жұқпалы аурулар тобы тарайды. Олардың
қатарына дизентерия, тырысқақ, сальмонеллез полиомиолит т. б, аурулар
жатады. Бұл аурулардың қоздырғыштары жейтін тағам, ішетін су арқылы ішек-
қарынның шырышты сілекей қабығына жетеді. Бұл аурулар жуылмаған лас қол
және шыбын арқылы тарайды.
Үшінші — қан арқылы тарау, яғни, микробтардың маса, бүрге, қандала,
бит сияқты жәндіктер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына безгек, бөртпе
сүзек, қайталама сүзек, оба, туляремия. энцефалиттер т. б. жатады.
Төртінші — жұқпалы ауру қоздырғыштарымен зақымдалған жеке
зақымдалмаған адамдардың терісі мен шырышты сілекей қабығының бір-біріне
жанасып тиюі немесе сүйкесу: арқылы тарауы. Бұған жыныстық жұқпалы аурулар,
құтыру, сіреспе, газды гангрена т. б. жатады. Жұқпалы аурулардың осындай
механизм арқылы тарауы эпидемиялық тұрғыдан бағалағанда, шапшаңдығы жай
тарау деп аталады. Бірақ, екі дененің бір-біріне тиюі жиі кездесе
бермейді, ал тиген күнде де теріде, шырышты сілекей қабықта қан шығатындай
жарақат болуы қажет.
Сонымен, жаңа жұқпалы ауру пайда болу үшін кем дегенде екі шарт қажет:
біріншіден, адам организмінде өсіп-өніп, көбейе алатын микроорганизм болуы
тиіс; екіншіден, жоғарыда айтылғандай, адамнан адамға осы микробты жеткізе
алатын тарау механизмінің болуы қажет.

ІІ. СПИДТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.
Жер шарының әр түкпіріндегі медицина ғылымының тәжірибелі мамандары
арасында адам өміріне өте қатерлі осы ауру қайдан пайда болды деген
айтыстар күні-бүгінге дейін жүріп келеді.
АҚШ ғалымдары СПИД туралы жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесіне
сүйене отырып, бұл ауру адам баласының белгілі бір бағытта жүргізген
ісінің жемісі деген тоқтамға келді.
Франс пресс агенттігінің хабары бойынша Англияның вирусолог
докторы Д. Сали: СПИД вирусы бактериологиялық қару жасаумен айналысып
жатқан лабораториялардың бірінде жасалған,— деген батыл тұжырым айтты.
Париждегі Пастер атындағы институттың ғалымдары өздері жүргізген
зерттеулердің, арқасында мынадай тұжырымға тоқталады: СПИД вирусы осы
ғасырдың 70-ші жылдарының, соңына дейін дүниеде болған емес және ол табиғи
өзгерістерге түскен басқа вирустарға да жатпайды. Бұл ой СПИД вирусы
африкалықтардан немесе маймылдан шықты деген саудагерлік теорияларды
жоққа шығарады.
Көптеген ғалымдардың ойынша, СПИД вирусы АҚШ-тың өзінде жасалған.
Швейцарияның Вохенцайгунг газетінде вирус АҚШ-тың Форт-
Детриктегі (Мэриленд штаты) бактериологиялық соғыстың тәсілдерін зерттуге
арналған лабораториядан шығуы мүмкін екені жазылған.
Американың кейбір документтерін тексере келіп, 1986 жылы Англияның
Гардиан газеті де осындай қорытындыға келді. Оның тұжырымы бойынша, 1969
жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің өкілі АҚШ конгресінің бюджет
комиссиясы мәжілісінде сөйлеген сөзінде: Пентагон адам организмінде
иммунитет жетіспеушілікке немесе оны мүлдем жоққып жіберуге соқтыратын
биологиялық, әскери жаңа затты жасауға бар күшін салуда,— деп керсеткен.
Әрине, кездейсоқ бір қателіктің арқасында бұл вирус сыртқы ортаға шығып,
тарай бастауы да ғажап емес. СПИД ауруының АҚШ әскери қызметкерлерінің
арасында кең тарауы осыған байланысты болуы да мүмкін. Пентагон өкілдерінің
айтуынша әскери қызметтегі 1 миллион 200 мың еркек пеи әйел тексеріліп,
олардың 2 мыңнан астамы СПИД вирусымен зақымдалғаны анықталған.
АҚШ ғалымдарының көрсетуінше соңғы жылдары СПИД ауруымен бұрынғыдай
гомосексуалистер, нашақорлар және жезөкшелер жиірек ауырғанымен, бұл дерт
халықтың басқа топтарында да кеңінен табыла бастаған. АҚШ армиясында әр
уақытта жүргізілетін тексерулер бұл вирусты семья құрғандар мен құрмағандар
арасынан тең шамада табуға болатынын көрсетті, — дейді Уолтер Ридтегі
армиялық ғылыми-зерттеу институтының қызметкері доктор Роберт Рэдфилд.
Жоғарыда аталган Швейцарияның Вохенцайтунг апталық газетінің
хабарына қарағанда, 1985 жылы көктемде АҚШ-тың Атланта қаласында өткен СПИД
проблемаларына арналған халықаралық конгресте сөйлеген америкалық зерттеуші
Макс Эссекстің сөзі жиылғандарға ортаға жай түскендей әсер еткен. Оның
сөзіне қарағанда кейбір аурулардан Орталық Африкада өмір сүретін макака
маймылдарында кездесетін STLV-3 вирусы табылған. Эссекс жүргізген
зерттеулерде кемшіліктер болғанына қарамастан, кейбір ғалымдар мүмкін СПЙД
маймылдан тарады деген теорияға сене бастаған. Егер макака вирусы
тексерілгендердің жартысынан табылса, қалған жартысынан неге табылмайды?!
Сонымен, Эссекс пен оның тобының макака вирусын денсаулығы жақсы
африкалық азаматардың жартысынан табуы неліктен? Эссекстің бұл хабары көп
елдерде тексерілді, бірақ еш қолдау таппады.
1985 жылдың жазында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы маймыл
теориясын тиянақсыз деп тауып, бұл шешім 1986 жылы июнь айында Парижде
өткен СПИД проблемаларына арналған конгресте бекітілді.
СПИД ауруын қоздырады деп есептелетін НІV вирусы да Африкадан шыкқан
дейтін теория біршама ұзақ өмір сүрді. Кейбір ғылыми зерттеулердің
нәтижелері бұл теорияға дәлел әкелгендей болды. Себебі, африкалық
азаматтардан алынған және 1984 жылдан бері сақталған қандарды қайталап
тексеру кезінде осы вирусқа қарсы организмде антитела, яғни, организмде
оған қарсы күресетін қорғаныш заттарының пайда болғандығын дәлелдейтін
реакция байқалған.
Кейіннен мұқият түрде жүргізілген тексерулер бұл тұжырымдардың теріс
екенін көрсетті.
СПИД ауруының пайда болуы жайындағы осындай теріс пікірлердің
жойылуына, Берлинде тұратын Лилли және Якоб Сегалдардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижесі зор болды. Олардың біреуі — биофизик, екіншісі —
иммунолог. Бұл ғалымдардың тұжырымдауы бойынша НІV вирусы табиғи ортаның
жемісі емес, оны жасаған адам.
Бұл ойларын олар былай деп түсіндіреді: НІV вирусы — АҚШ-та әскери-
биологиялық ғылыми зерттеу кезінде адамға деген қатері онша түсінілмеген
және бактериологиялық қаруға жарамсыз танылған микроорганизм. Себебі, осы
вируспен түрмеде отырғандарды өз еркімен зақымдағанда олар тез уақытта
ауыра қоймаған. Лабораториялық зерттеулер кезінде орын алған кемшіліктердің
кесірінен вирус адамдар арасында тарауға мүмкіндік алған.
Ерлі-зайыпты Сегалдардың ойынша, бұл вирустың тарауына лабораторияда
болған авария себеп болуы да мүмкін. Дегенмен, вирустың белгілі бір
мақсатпен даярланғанына олар еш күмән келтірмейді. Вирус шамамен 1978 жылы
жасалған, Микробтарды белгілі бір қасиетке бағдарлап өзгерту тек жоғарыда
аталған Форт-Детриктегі 1977 жылы ұйымдастырылған әскери лабораторияда ғана
мүмкін екен. Ал, азаматтық лабораторияларда вирусты осылай өзгертіп
пайдаланудың еш қажеті жоқ еді.
IІІ. СПИД-ті ҚОЗДЫРАТЫН ВИРУСТЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ.
Әдетте, СПИД вирусы үшін адам организмінің ішкі ортасы қажет. Ол
хайуанаттардың организмінде өмір сүре алмайды. Оның өсіп-өнуіне, көбеюіне
тек адам клеткасы мүмкіндік береді. Сондықтан да СПИД адамға жан-
жануарлардан жұқпайды. СПИД ауруын тарататын тек адам ғана.
СПИД вирусы ауырған адамнан сау адамға қалай жетеді? Ол үшін
біріншіден, вирус ауырған адамнан сыртқа шығуы керек; екіншіден, сыртқа
шыкқан вирус сау адам организміне жетуі.қажет. Міне, осы екі процесті
белгілі совет эпидемиологы СССР Медицина ғылымы академиясының академигі
Л.В. Громашезский жұқпалы аурулардың таралу механизмі, деп атаған.
Зақымдалған адам организмінде вирус қанның лимфоциті мен қан түйірлері
пайда болатын органдарда өсіп-өнеді. Сыртқы ортаға ол ұрықпен немесе
әйелдердің жыныс мүшелерін ылғандандырып тұратын сұйықтармен бірге шығады.
Қазіргі кезде вирустың осындай жолдарымен таралуы ешқандай күмән
туғызбайды.
Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты
сілекей қабығындағы жарақатқа, яғни, қанға немесе сары суға СПИД-пен
зақымдалған адамнан шыққан вирус түседі де, әріптесіне ауруды жүқтырады.
Егер жыныстық әріптестердің жыныс мүшелерінде созылмалы немесе таяуда
пайда болған ауру болса, жұқпалы аурудың ауысуына мүмкіндік бар. Өйткені,
олар жыныс мүшелерінің тез жарақаттануына жағдай жасайды.
СПИД вирусының гомосексуалистердің, бисексуалнстердің (басқа жыныстағы
адамдармен қатар өз жынысындағылармен де жыныстык қатынас жасайтындар),
гетеросексуалистердің немесе еркектер мен әйелдердің қайсысының қанында
болса да өсіп-өнуіне жағдай бар. Мысалы, АҚШ-тағы гомосексуалистер
басқаларға … жалғасы



Source: stud.kz


Мы в соц.сетях:


Читайте также

Добавить комментарий